
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сол жерде жеті адам қаза тапты.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады», – деді баспасөз қызметі.
Авторлар: 24kz


