Түркия Starlink-ке балама спутниктік жүйе жасайды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Түркия Илон Масктың спутниктік желісіне балама болатын Astralink жобасын қолға алмақшы. Оның екінші атауы – Gökbağı.

Төмен орбитада орналасатын барлығы 198 спутникті орналастыру жоспарланған. Алғашқы спутникті екі жыл ішінде ұшыру көзделіп отыр. Спутниктердің чиптерін, бағдарламалық алгоритмдерін, антенналарын Aselsan түрік компаниясы әзірлеген.

«Жоба Түркияны ғана емес, оған достас мемлекеттерді де тұрақты интернетпен қамтамасыз ететін болады», – деді Aselsan бас директоры Ахмет Акиёл.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар