Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар