27 шілдеден бастап Ішкі істер министрлігі «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні полиция бөлімшелеріне екі мыңнан астам жасөспірім жеткізілді, олардың ішінде төртеуі қылмыс жасағаны үшін, екі мыңға жуығы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін.
70 кәмелетке толмаған бала қараусыз және қаңғыбастық жағдайында анықталып, бейімдеу орталықтарына жеткізілді. 1700-ден астам бала түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында жүрген жерінен анықталып, ата-аналарына тапсырылды. 48 кәсіпкер балалардың түнгі уақытта олардың мекемесінде болуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 51 бала мас күйінде көшеде жүрген жерінен оқшауланды.
Бұл жағдайлардың барлығы дерлік балаларға қатысты қылмыстың орын алуына әкелуі мүмкін еді. Полиция органдары алдын ала шаралар қабылдап, мұндай оқиғаларға жол бермеді.
Дереккөз: Polisia.kz