Келесте түйе шаруалышылығын дамытып отырған кәсіпкер бар. Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Мархабай Есиркепов мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алып, ойсылқара төлін көбейтуді жолға қойған. Шаруасын ширатып отырған кәсіпкер бұдан бөлек, түйенің қымыраны және шұбатымен жергілікті бұқараны қамтамасыз етуде.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас