Түйе шаруашылығын қолға алу Сарыағаш ауданында сатылап дамып келеді. Төрт түліктің төресін баптап, мал басын көбейту оңай шаруа емес. Десе де, қажырлы еңбекті қажет ететін жұмысты жүзеге асырған шаруа, өңіріміздің құрметті азаматы – Еламан Алтаев. Өткен ғасырдың ширек тұсында емдік мақсатта түйе баптауды бастаған ақсақалдың өркештілерінің саны бүгінгі таңда 40-қа жуықтап қалыпты.
Еламан Алтаев, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы
Түйе шаруашылығындағы ең басты қиындықтың бірі – өркешті жаунуарды жерсіндіру. Бота кезінен бапталып, өлкеге үйренбесе, үлкен мал өскен жеріне қайтып кететіні бар көрінеді.
Еламан Алтаев, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы
Сарыағаш ауданының құрметті азаматы түйе сүтінің адам саулығына пайдасын атап өтті. «Тек ас орнына пайдалана отырып, ем қабылдаған адамның организміндегі оңалу тез арада байқалады»,-дейді Еламан Алтаев. Ал, бүгінгі таңда түркімен тұқымды түйелерден 7-8 л сүт алынады екен.
Еламан Алтаев, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы
Жалпы алғанда 2 жылда бір төлдейтін түйе, орта есеппен 25 жыл өмір сүреді екен. Ал, Еламан Алтаевтың қолындағы өркештілер саны 40-қа жуықтап қалған, «одан әрі көбейтуге жайылымдық алқаптың аздығы қолбайлау болып отыр»,-дейді ол.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Дінислам Тәліпбай
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.