Сарыағаш ауданында азаматтар түрлі бағыттарды қолға алып, кәсібін бастап аумақтың экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Тиісінше тиыннан теңге құрап, маман дайындаймын деушілерге әкімдік тарапынан қолдау да аз емес. Соның бір дәлелі, қала аумағында тігін ісін үйретуге арналған орталық ашылды. Аталған кешеннің лентасын аудан әкімі Арман Абдуллаев кесіп, кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Сағындық Ислам