
Туроператорлық қызметке лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету аясында өтініш берушілер ұсынатын деректерді автоматты түрде тексеруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелермен интеграциялар жүзеге асырылды.
Бұрын өтініш берген кезде өтініш берушілер сканерленген құжаттарды қоса тапсыруы қажет болатын. Бұл құжаттардың қолдан жасалу қаупін арттырып, өтінішті қарау мерзімін ұзартатын.
Енді үдеріс толық автоматтандырылды: қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тікелей алынады. Қызметкерлер туралы деректер, олардың білімі, еңбек өтілі, сондай-ақ жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер өтініш берушінің қатысуынсыз автоматты түрде тексеріледі.
Интеграция аясында төмендегі ақпараттық жүйелер қосылды: • Жоғары білімнің бірыңғай платформасы, Ұлттық білім беру деректер қоры – білім туралы мәліметтер;
• Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек өтілі туралы мәліметтер (enbek.kz);
• Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры – жер және құқық кадастры бойынша мәліметтер.
Бұл қағаз және сканерленген құжаттарды ұсыну қажеттілігін жойып, адам факторын азайтуға және лицензиялау үдерісінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін салық органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы лицензиялық алымның төленгенін автоматты түрде тексеру тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі


