Туберкулез – болашаққа жасалған таңба емес. Бұл сырқатты дер кезінде анықтап, уақытылы емделетін болсаңыз, аурудан құлан-таза айығып кетуге болады. Ол үшін құнарлы тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану маңызды дейді санэпидемиолог мамандар. Дертті дәл уақытында анықтап, дұрыс емшаралар жасаудың арқасында соңғы 4 жылда Сарыағаш ауданында туберкулез ауруынан өлім-жітім фактілері тіркелмегендігін де алға тартты сала қызметкерлері.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков