Трамп АҚШ-та туғандарға бірден азаматтық беру құқығын жоюға ниетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ президенті Дональд Трамп елде дүниеге келгендерге автоматты түрде азаматтық беруді көздейтін тәжірибеден бас тартуға ниетті екенін айтты. Ол бұл туралы Ақ үйдегі Доғал кабинетте айтты.

Меніңше, туу арқылы азаматтық берілетін әлемдегі жалғыз ел – АҚШ. Біз мұны тоқтатамыз, – деді Ақ үй басшысы.

Бұған дейін Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алу қағидатын шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған болатын. Ақ үй әкімшілігінің өкілі Стивен Миллердің айтуынша, олардың бірі «босану туризміне» тосқауыл қоюды көздейді. Яғни, АҚШ азаматтығын алу үшін елге арнайы келіп босанатын шетелдіктердің бұл мүмкіндігін шектеу қарастырылған.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар