Баршаға мәлім, соңғы кездерде тұрғындар арасында трамадолға тәуелділік артып, тіпті мектеп жасындағы жасөспірімдердің арасында да бұл психотроптық затты пайдалану фактілері орын алған. Нарколог мамандардың мәліметінше, Сарыағаш ауданында опиоидты нашақорлықпен 10 адам тіркеуде тұрады. Оның сегізі – героинге тәуелді екен. Бұл – қоғамды құрдымға құлататын қауіпті мәселе. Ал онымен күресу – ортақ міндет.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Асылбекұлы