Тоқаев қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мемлекет басшысы «жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» заңға қол қойған.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш заңды Сенат мақұлдаған еді. Осылайша Қазақстан дипломдар мен біліктіліктер туралы ақпарат алмасуға арналған өңірлік желіге ресми түрде қосылды.

Бұл Қазақстан азаматтардың дипломдары мен біліктіліктерін Азия–Тынық мұхиты өңірі елдерінде тануға мүмкіндік береді.

Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жеңілдетіп, алған мамандық бойынша шетелде жұмысқа орналасуға жол ашады. Конвенцияға Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея мүше.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp