Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа құттықтау хатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.

Дереккөз: Ақорда

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар