Тоқаевтың сынынан соң Шымкент полициясы іске кірісті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Шымкентте бірқатар жоғары лауазымды күштік құрылым өкілдері қызметінен босатылды.

Олар: Шымкент полиция департаментінің бастығы Н. Алмасбеков, оның орынбасарлары, Қаратау аудандық полиция бөлімінің бастығы Сахов пен Қалдарбеков және оның тергеу жөніндегі орынбасары. Сонымен қатар полиция департаментінің тергеу басқармасы басшылығы да қызметінен шеттетілді. Енді қылмысты жасыру фактісі бойынша тергеу басталмақ.

Ақпаратты марқұм Нұрай Серікбайдың адвокаты Аянхан Омаров хабарлаған. Оның айтуынша, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар