Топырақта футбол ойнап, доп қуалаған Нұрлы жол елді мекенінің балалары бүгінде ерекше көңіл-күйде. Себебі ауылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілген заманауи үлгідегі ашық спорт алаңшасы ашылды. Спорттық нысанның ашуылуында арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев, жергілікті тұрғындарды құттықтап, ондағы ел ағалары, ең алдымен, лента қию рәсімін жасады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Жасұлан Әлібеков