15-қараша күні Өзбекстан астанасы Ташкентте 28-ші Халықаралық туристік жәрмеңкенің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Дәстүрлі шара БҰҰ-ның туристік мекемесінің қолдауымен жылда өтеді. 3 күнге жалғасатын жәрмеңкеге 20-дан астам мемлекеттің өкілдері қатысуда. «Uzexpocentre» орталығының павильондарында әр ел өздерінің ішкі туризмімен таныстырып, өзара әріптестік байланыс орнатуға барынша тырысуда. Бұл іс-шараға біздің арна тілшілері де қатысып қайтқан болатын. Ендеше, бірге тамашалайық.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек