
2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының хабарлады.
Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданған шешім бойынша маңызды матч «Астана Аренада» болады. Қазақстан футболы үшін бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.
Дереккөз: 24kz


