Сарыағаш қаласының аумағында қоқыс мәселесі күн өткен сайын күрделеніп барады. Тұрғын үйлерден шыққан қоқыс аса көп болмаса да жол жиегіндегі қоқыс үйінділерінен көз сүрінеді. Оның көбі – кәсіпкерлік нысандардан шыққан қалдықтар дейді жауаптылар. Осыған орай, қала әкімшілігінде жиын өтті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас