Келес ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бастамасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылып, оған аудан мекемелері мен 8 мыңға жуық ерікті тұрғын белсенді қатысты. Сенбілік барысында жол жиегіндегі арамшөптер шабылып, арықтар тазартылып, ауылішілік аумақтар ретке келтірілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Бағлан Еркінбекұлы