Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының ардагері «Александр Невский» орденінің иегері Самбет Саттаровты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир болып өтті. Оған Келес, Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай, Шардара аудандарының жастарынан құралған 12 команда қатысты. Турнир барысы алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Балнұр Зұпарбекқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы