Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бастамасымен «Сүндет – 2025» акциясы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде өтті. Бұл шара жыл сайын балалардың денсаулығын сақтау әрі ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Аурухана ұжымы бұл игі дәстүрді жыл сайын жаңартып, оны аудан жұртшылығы асыға күтетін игі іске айналдырып үлгерді.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы