СҚО-да ІІ Дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері өмірден өтті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Щеглов өмірден өтті.

Қаралы хабарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Майдангер бірнеше күннен кейін 99 жасқа толар еді.

Әкімнің айтуынша, Федор Васильевичтің ғұмыры табандылықтың, адалдықтың және туған елге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі болды. Ол әскери қызметін 17 жасында бастап, 371-атқыштар дивизиясы құрамында соғыстың соңына дейін ерлікпен шайқасқан.

«Ол мені әрдайым жылы жүзбен қарсы алып, әскери қызметі, жауынгерлік ерліктері және халық жадында мәңгі қалатын сол ауыр, бірақ қаһармандыққа толы күндер туралы естеліктерімен бөлісетін. Оның әңгімелері өмірлік даналыққа, рухтың мықтылығына және Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Біз үшін, облыс тұрғындары үшін Федор Васильевич әрдайым ерлік пен қайсарлықтың символы болып қала береді. Біз оның жарқын бейнесін сақтап, оны балаларымыз бен немерелерімізге жеткіземіз. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамын. Федор Васильевичтің рухы пейіште шалқысын!» – деп түйіндеді облыс әкімі.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар