Су үнемдегендерді қолдауға 214,6 млрд теңге бөлінетін болды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Су ресурстары және ирригация министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында су үнемдеу бағытында қабылданып жатқан шараларды мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, мемлекет су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыруға күш салып келеді.

Атап айтқанда, фермерлердің су алу және беру инфрақұрылымын жүргізуге, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, пайдаланылатын технология мен тарифке байланысты су беру қызметінің құны субсидияланады, – делінген хабарламада.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдегендер үшін бөлінген қаржы туралы да ақпарат берді. 2026-2028 жылдарға су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық субсидияларға 214,6 млрд теңге қарастырылған.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар