Биыл Түркістан облысы су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына енді. Күннің күрт жылуын ескерсек, қар да тез-ақ еріп, сай-саланы су алып, қызыл су үйлерге кіріп кету қаупі де жоқ емес. Естеріңізде болса, Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Қазақстан көктемде ақ ұлпаның еруі салдарынан болатын су тасқынына толық дайын емес» екендігін жеткізген болатын. Ал Сарыағаш ше? Тосыннан келетін табиғи апатқа жергілікті төтеншеліктер төтеп бере ала ма? Тілші анықтап көрді.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы