Сарыағаш ауданында аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан спорт ардагерлерін еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті. Дәстүрлі спорттық шараға ауданның түкпір-түкпірінен жиналған командалар қатысып, тартысты ойындар арқылы ардагер спортшылардың еңбегіне құрмет көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – спорт майталмандарының өнегелі жолын кейінгі буынға насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға серпін беру.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





