СПИД ауруы. Аталған дерт жөнінде көп адам білмейді немесе оның қалай және қай жағдайларда жұғатынынан бейхабар. Бұл сюжетті дәл осы ауруға арнауымыздың басты себебі – Сарыағаш ауданы Түркістан облысы бойынша көш басында тұр. Сала мамандары бұл жағдайды ауданның шекаралық аумақта орналасуымен байланыстырып отыр. Елден-елге өтушілер көп, соның ішінде тәнін саудалайтын азаматтар да аз емес. СПИД-тің таралу көзі дәл осы арзан жыныстық қатынаста дейді мамандар.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Асан Қазақбаев