Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қыземті

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергиясын өндірудің айтарлықтай өсуі және қуаттарды одан әрі арттыру жоспарлары туралы айтты.

Оның айтуынша, 2000 жылдардың басында Қазақстанда электр энергиясын өндіру жылына шамамен 50 млрд кВт/сағ құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 117,9 млрд кВт/сағ жетті, ал осы жылы шамамен 122 млрд кВт/сағ өндіру жоспарланған. Осылайша, елімізде 25 жыл ішінде электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті.

Энергетика министрлігі қуаттарды арттыру және электр қуатын өндіруді ұлғайту бойынша нақты жоспар әзірледі. 2035 жылға дейін электр энергиясын өндіру көлемін іс жүзінде екі есеге арттыра отырып, жаңа қуаттарды енгізу және қолданыстағы қуатты жалпы 26,4 ГВт-қа реконструкциялау жоспарлануда.

Ерлан Ақкенженов тұтынудың өсуі технологиялық ілгерілеуге байланысты екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар