Скопьеде Қазақстан Елшілігінің ресми ашылуы өтті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунски мен Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов дәстүрлі түрде символикалық лентаны кесіп, Скопьеде Қазақстан Елшілігінің салтанатты түрде ресми ашылуын өткізді.

Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шараға Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, парламент депутаттары, үкімет, СІМ, дипломатиялық корпус, бизнес, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Өз сөзінде С.Бұршақов бұл оқиғаның тарихи маңыздылығын атап өтіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың сапалы дамуына жол ашатынын жеткізді. 1995 жылы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тұрақты дамып келе жатқаны, үкіметтер мен парламенттер арасындағы байланыстардың жанданып, мәдени-гуманитарлық алмасулардың кеңейіп жатқаны аталып өтті.

Маусым және мамыр айларында Президент Г.Силяновска-Давкованың, сыртқы істер, энергетика және экономика министрлерінің Астанаға сапарлары маңызды кезең болды.

Т.Муцунски Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Скопьеде ҚР Елшілігін ашу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадамды ортақ құндылықтар мен өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетудегі маңызды оқиға деп атады. Ол саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы ілгерілеуді, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара қолдауды атап өтті. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға берік негіз қаланды.

Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Елшіліктің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар