Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде орналасқан М.Горький атындағы білім ұясы – Келес ауданы қайта құрылғалы өзекті мәселеге айналған болатын. 300 орындық орта мектеп құрылысы бойынша сметалық жобалық құжаттаманың мерзімі өтуіне байланысты мұндағы бар тірлік тоқтап тұрған. Дегенмен құжаттарға түзету жұмыстары «ҚазНұр жобалау құрылыс институты» ЖШС арқылы демеуші ретінде жүргізіліпті. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қараша айында сақалды құрылысқа айналған мектептің құрылыс жұмыстары қайтадан басталды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков