«Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі Өзбекстанда өткен Халықаралық музыка фестивалінен Бас жүлдемен оралды. Фестивальге Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бірнеше мемлекеттен 14 фольклорлық топ қатысқан болатын. Сол додада аудан-облыс емес, Қазақстанның намысын қорғаған «Саялы Сарыағаш» – көптің ішінен суырылып шығып, 1-орынды яғни Бас бәйгені жеңіп алды. Өнер тарландарын аудан басшысы да қабылдап, жемісті жеңіспен құттықтады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков