Түркістандық шаруалар «Алтын күзді» зор жетістіктермен қарсы алды. Республика бойынша өңіріміз 9 айда 803 млрд теңгеге жуық өнім өндіріп, 1-орынға шықты. Облыс төрінде жыл сайын ұйымдастырылатын «Алтын күз – 2023» мерекелік шарасы өтті. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды барша шаруаларға құрмет көрсетіп, ыстық ықыласын жеткізді.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас