
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мамандар бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, қарапайым қазақстандықтардың алғысына ие болуда.
Ауданда өткен «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясына 150-ден аса тұрғындар келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды.