Сарыағаш аудандық орталық саябағында ауылдық округ мәдениет үйлерінің концерті дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы кештің көркін Қапланбек және Тегісшіл ауылдарының өнерпаздары қыздырды. Әсем ән мен тәтті күй көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қоса, қазақы мәдениеттің үлгісі көрсетіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Толығырақ, шара барысын әріптесім жалғайды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы