Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, аймақ әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен облыстық «Өнерлі өлке» фестивалі өтіп жатқаны белгілі. Осыған орай, Түркістан төрінде облысқа қарасты әр ауданның мәдениет күндері ұйымдастырылды. Күні кеше «Visit Turkistan» орталық алаңында саялы өңір өнерпаздары өз бағдарламаларын ұсынып, Сарыағаш ауданының мәдениет күндерін гала-концертпен қорытындылады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Марат Жолдас