Алғашқы ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада сарыағаштық оқушы жүлдемен оралды. Бәсі биік білім додасында сынға түскен №63 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Пердеш Адина республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 2-орынға жайғасты. Түркістан облысы мен Сарыағаш ауданының атынан білімін сынға салып, жүлделі орынды қанжығалаған оқушыны білім ұясы сән-салтанатымен күтіп алды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Сағындық Ислам