Елімізде жыл сайын аутизммен ауыратын, ойлау қабілеті кешеуілдеп дамып келе жатқан балалардың қатары артып келеді. Бір ғана Сарыағаш ауданының өзінде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны 1900-ге жетіп отыр. Ал баламды қоғамға бейімдесем, өзге балақайлардың қатарына қоссам деген ата-аналар бауыр еті баласын Шымкент, Алматы, Астана тіпті көрші елдерге емдеуге апаруда. Енді алысқа барып, әуре болатын күндер артта қалды. Себебі өңірімізде «Mega um» атты ерекше балаларға арналған түзету-дамыту орталығы ашылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам