Сарыағаш қаласының Самал-3 шағын ауданында ауыз су жүйесінің құрылысы қарқын алған. Арман Абдуллаев нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы мердігерге сапа мен мерзім басты талап екенін ескертіп, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Айдос Дәулет





