Римде тарихи мұнара опырылып түсті

Римде тарихи мұнара опырылып түсті: құтқарушылар қиранды астынан зардап шеккендерді іздеуде, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Римнің орталығында, Император форумдары маңында тарихи мұнараның бір бөлігі құлап, құтқарушылар қиранды астында қалған адамдарды іздеп жатыр.

«Қазіргі уақытта қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ларго Коррадо Риччи алаңындағы Торре-деи-Конти мұнарасының бір бөлігі опырылып түсті», – делінген ресми хабарламада.

Оқиға 3 қараша күні болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құлау салдарынан бір жұмысшы жарақат алған, тағы төртеуі мұнараның жоғарғы бөлігінде қалып қойған, алайда кейін құтқарылды.

Қазіргі таңда өрт сөндірушілер бірінші қабатта әлі де қамалып қалған тағы бір ер адамды құтқаруға әрекет жасап жатыр.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар