Келес ауданында 25 қазан – Республика күні салтанатты түрде аталып өтті.аудандық мәдениет үйінде «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен айрықша патриоттық рух сыйлады. Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ән мен би өрнектескен мерекелік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрболат Еркін




