Ресейде қазақстандық студент саяси көзқарасы үшін екі жылға сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Санкт-Петербургте оқитын қазақстандық Гарри Азарян 2025 жылы «Жұмысшылар билігі» солшыл радикалды қозғалысының жиынына қатысып, режимді өзгертуге және жаппай кісі өлтіруге шақырды деген айыппен қамауға алынды. Қозғалыс өкілдері істі ойдан шығарылған деп атады.

Негізі бұл айып бойынша айыппұл салуға болады. Дегенмен прокуратура оны 3 жылға соттауды сұрады. Тергеушілердің айтуынша, Азарян «Жұмысшылар билігі» съезінде зорлық-зомбылыққа және терроризмді ақтауға шақырған сөз сөйлеген.

Жігіт кінәсін мойындап, түзелгенін және өкінетінін айтса да, сот оны 2 жылға соттады.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp