Ресейге жұмыс істеуге барып, соғыс аймағына түскен 14 бала елге оралатын болды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мұны журналист Жомарт Түзелбай мәлімдеді. Оған бұл ақпаратты WhatsApp арқылы хабарлапты.

Мұны заңгер Мейірман Шекеев те растады. Оның сөзінше, бүгін 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі екен. Заңгерге бұл хабарды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің өзі хабарлаған.

Қазір қалған азаматтарды да қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жалғасып жатыр екен. Десе де Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растамады.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар