Елде тіркелетін өлім деректерінің ең көбі – онкологиялық кеселдер мен қан-тамыр ауруларының салдарынан орын алады екен. Ал олардан кейінгі орында – жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер дейді статистикалық көрсеткіштер. Ал апатқа алып келетін басты себеп – жол ережелеріне бағынбау. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының ПД Патрульдік полиция батальоны республикалық маңызы бар тас жолдың бойында рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Жасұлан Әлібеков, Ережеп Тұрғынбайұлы