
Қадыровтың ұлы дене шынықтыру және спорт министрі қызметін де сақтап қалды. Ахмат бұл жұмысты 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
Рамзанның басқа ұлдары да басшылық қызметтерде отыр:
Зелимхан Қадыров 2024 жылы «Ахмат» жекпе-жек клубы мен Шешен бокс федерациясының басшысы қызметіне кірісті;
Адам Қадыров 2025 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
Мәліметке сәйкес, Рамзан Қадыровтың 96 туысы, оның ішінде 14 баласының жетеуі мемлекеттік лауазымдарды атқарған немесе атқарып келеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


