Преторияда Қазақстанмен әлеуметтік саладағы ынтымақтастық талқыланды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов ОАР Әлеуметтік даму министрінің орынбасары, ел Парламентіндегі жалғыз «Әл-Джама-а» мұсылман партиясының жетекшісі Ганиеф Хендрикспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Жалпы сын-қатерлерді шешу, әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша өзара оқыту және бірлесіп жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Е. Ахинжанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған реформалары мен бастамалары, әлеуметтік прогресс пен инновацияларды көрсететін жақында іске қосылған «Born Bold» науқаны, сондай-ақ «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметі туралы хабарланды.

Өз кезегінде Г. Хендрикс өз ведомствосының басымдықтарымен бөлісті және осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Екі тарап талқыланған барлық мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға және екі елге де пайда әкелетін өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге дайын екендігін растады.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар