ПРЕСС-АНОНС

28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жезқазған қаласында өтетін «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады. 

Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Украина, АҚШ, Ресей, және басқа елдердің мемлекет қайраткерлері, ғалымдары мен зерттеушілері қатысады деп жоспарланған.  Ғалымдар пленарлық отырыс пен тақырыптық секциялар барысында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, конференция аясында «Алтын Орда мұрасы» фотокөрмесі ұйымдастырылады, онда Алтын Орда кезеңінің сәулеттік құрылыстары мен экспонаттарының фотосуреттері ұсынылады.

Өтетін орны:Жезқазған қаласы, С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театры

Басталуы:сағат 10:00

Қосымша ақпарат алу үшін мына номерге хабарласыңыздар:

 +7 (701) 914-55-88

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар