Президент респиратор мен газтұтқы шығаратын зауытқа барды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының елордадағы кәсіпорнын аралап көрді. Бұл –индустриялық респиратор мен газтұтқы шығаруда Түркиядағы ең ірі және Еуропадағы үштікке енетін компания.

2020 жылы пандемияның шарықтау шағында MFA Maske компаниясы қызмет аумағын кеңейту жөнінде шешім қабылдап, Қазақстанға инвестиция құйған болатын. Астанада медициналық, өнеркәсіптік респираторлар, газға қарсы уланудан, сондай-ақ химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қатерден сақтайтын газтұтқы шығаратын зауыт құрылысын бастады. Жоба құны – 10 миллион доллар. Компанияның жеке инвестициясы есебінен салынып жатыр.

Дереккөз: Ақорда

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар