Полиция қымбат көлікті айдап әкеткен күдіктілерді ұстады

Фото: Polisia.kz

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады.

Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар