Пластик қалдықтары Паркинсон ауруына қарсы дәрі жасауға пайдаланылмақ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бұл тәсілді Эдинбург университетінің ғалымдары ұсынды.

Зерттеу барысында мамандар ішек таяқшасының арнайы өзгертілген бактерияларын пайдаланған. Олар алдын ала ыдыратылған пластикті қорек ретінде қабылдап, оны өңдеу кезінде биохимиялық реакция арқылы ерекше қосылыс түзеді. Бұл қосылыс Паркинсон ауруымен ауыратын науқастарда дофамин тапшылығын толықтыру үшін қажет.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс медицина саласында ғана емес, экология мәселесін шешуде де маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Қазір жаңа технология зертханалық сынақ кезеңінде.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp