Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер уакытында өрт окиғалары орын алып жатады. Олардың туындау себептерінің бірі – пиротехникалық бұйымдарды пайдалану болып табылады. Оны абайсыз қолдану салдарынан балалар түрлі күйіктер мен жарақаттар алатыны анық. Келес ауданында осындай оқыс окиғалардың алдын алу мақсатында және «Әуес» базарының ішінде заңсыз пиротехника бұйымдары сатылмай жатқанына көз жеткізу үшін рейдтік іс-шара өтті. Толығырақ, тілшіміз айтып берсін.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы