
Оқиға Ақсу мен Павлодар қалалары арасындағы тасжолда болған. Песчан ауылындағы мектептің мұғалімі Мария Бедрина жұбайымен бірге перзентханадан қайтып келе жатқан.
Жолда боран күшейіп, көріну деңгейі күрт төмендейді. Сол кезде Мария Бедрина ойланбастан көліктен түсіп, жолға шығып, қар құрсауында қалған көліктерге бағыт көрсеткен.
Әйел алда жаяу жүріп, бірнеше көліктен құралған колоннаны қауіпсіз бағытқа бастап барған. Қар басқан жолдағы 4 шақырымдық қашықтықты еңсеруге шамамен 3 сағат уақыт кеткен. Осы әрекетінен кейін ауыл мұғалімі әлеуметтік желілерде көпшілік құрметіне ие болды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


